KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қарулы күштердің әскери қызметшілері су басқан аймақтардан 1,5 мың адамды эвакуациялады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

3.04.2024, 10:16 192 Айжанат Бақытқызы

Армияның бөлімшелері төтенше жағдай режимі жарияланған жергілікті жерлерде құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы Қалдығайты өзенінің жағасын күшейту мен бөгеттер жасау жұмыстарын орындады. Әскери қызметшілер 2700 қап құм дайындады. 

Абай облысы Аягөз ауданының Мамырсу ауылындағы бөгетті күшейту үшін 2400 текше топырақ әкелінді, 540 метр үйінді тұрғызылды. 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 02352 әскери бөлімінің жеке құрамы арнайы техниканы қолдана отырып, шығыс өңірдегі Орда өзенінен өтуге екі аралық көпір орнатты. 

Халыққа көмек көрсету үшін Қарағанды облысы Нұра ауданына «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінен 123 әскери қызметші келді. 8 арнайы техника бөлініп, Нұра ауданы Тассуат ауылының тұрғындарына көмек көрсетіліп жатыр. 

Армия авиациясының экипаждары су басқан елді мекендерден және Ақтөбе облысының қыстақтарынан халықты эвакуациялауға атсалысуда. 

Абай облысы Тассай елді мекенінің аумағында (Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым) әуе базасының ұшқыштары су тасқыны аймағынан екі қойшыны тауып, эвакуациялады. 

«Құтқару шараларына барлығы 729 әскери қызметші жұмылдырылды. Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының су басқан аудандарынан 1 500-ге жуық адам құтқарылды, оның 384-і бала. 13 500 қап құм дайындалып, төселді, шамамен 420 метр ағын су кәріздері тазартылды»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу