KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

ШҚО-да кене энцефалиті бойынша эпидахуал қандай?

шартты сурет

9.04.2023, 14:48 246 Оразай Жеңісұлы

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, бүгінге дейін 32 адамды кене шаққан. Зардап шеккендердің тең жартысы балалар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Биыл көктем ерте шыққандықтан кене шағу фактілері де көбірек дейді департамент өкілдері. Алайда облыс аумағында кене инфекцияларын жұқтырған адам жоқ.

«Көп жылдық эпидемиологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей, өңірде аурудың алғашқы жағдайлары мамыр айында басталады», - дейді мамандар.

Аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин зардап шеккен 30 адамға салынды.  Ал қалған 2 адам медициналық көмекке кеш жүгінгендіктен аталмыш екпені алмаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу