ШҚО-дағы екі ірі су қоймасы 80%-ға толған
t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі ірі су қоймаларындағы су жиналу деңгейі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосылатынын да айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі құжатты қайта қарайды.
Спикер еліміздегі су қоймаларындағы жағдайға да тоқталды.
Ақтөбе облысында жағдай тұрақты.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 80%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда.
Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстанның шекарасына жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толды, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.
Қостанай облысында 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.