KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

ШҚО-да қалқанша безіне ота жаңа технологиямен жасалады

Фото: depositphotos.com

13.05.2024, 16:15 178 Айна Ескенқызы

Өңірдің онкологиялық орталығында жасалатын ерекше оталардың бірі - қалқанша безіне  жасалатын эндоскопиялық тиреоидэктомия. Бұл жаңа технология елімізде  тек Өскемен мен Астана қалаларының клиникаларында ғана енгізілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың түсіндіруінше, қалқанша безіне жасалған дәстүрлі ашық ота кезінде науқастың мойында тыртық қалады. Алайда, эндоскопиялық тиреоидэктомия кезінде мойында ешқандай із қалмайды, өйткені бұл әдіс кезінде безге кеуде немесе қолтық асты арқылы қол жеткізеді.

- Эндоскопиялық тиреоидэктомияны жүргізу кезінде хирург арнайы эндоскопиялық құралдарды пайдаланады және монитордағы айқын кескінге қарап жұмыс істейді, бұл операцияны асқан дәлдікпен орындауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қан тамырлары мен жүйке талшықтарының зақымдану қаупін азайтады, сонымен қатар науқастың стационарда болу уақытын қысқарта отырып, операциядан кейінгі оңалу кезеңнің қолайлы өтуін қамтамасыз етеді, - дейді ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкохирургы Жандос Мағзұмов.  

Көптеген пациенттер үшін қандай анестезия қолданылатыны маңызды.  Аз инвазивті операциялар жалпы анестезиямен жасалады. Онкологиялық орталықтың анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Наталья Ким атап өткендей, аз инвазивті операциялар кезінде пациенттер үшін анестезия алудың ең жылдам және қауіпсіз әдісі – эндотрахеальды әдіс.

- Эндоскопиялық операциялар кезіндегі анестезияның басты артықшылығы – оның әсер ету мерзімінің қысқалығында. Операция неғұрлым тез аяқталса,  науқас жалпы анестезияны жеңіл көтереді. Анестезия кезінде өкпе жасанды түрде желдетіледі. Бұл науқастың жағдайын дәлірек бақылау және тезірек оңалу үшін қажет, - деп түсіндірді  Наталья Ким.

Анестезиологтар қанда және басқа дене сұйықтықтарында ерімейтін ингаляциялық анестетиктерді қолданады. Препараттар пациенттің денесінен анестетикті беру аяқталғаннан кейін бірнеше минут ішінде толық  шығады.  

- Қазіргі заманғы анестезия аппараттары газ беру концентрациясын реттеуге және өзгертуге мүмкіндік беретіндіктен, анестезиолог науқасты ұйқыға тез енгізуге және емшара аяқталғаннан кейін оны бірнеше минут ішінде санасына қайтаруға мүмкіндік алады. Анестезиялық заманауи  жабдықтармен жабдықталуы науқастың физиологиялық параметрлерін  анестезияға дейін, анестезия кезінде және одан кейін де бақылауға мүмкіндік береді, - деп қосты Наталья Ким.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив