Қазақстан шетелдіктер үшін жаңа виза енгізбекші
Фото: depositphotos.com
14 мамырда өткен Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев заманауи көшпенділер үшін виза енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz –ке сілтеме жасап.
Ермек Маржықпаев цифрландыру және виза алу рәсімдерін жеңілдету арқылы визалық және көші-қон режимін жақсарту қажет екенін атап өтті.
Оның мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанға 9,2 миллион шетел азаматы келген, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Ел ішінде 9,6 миллионнан астам қазақстандық саяхаттаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылдан 1 миллион адамға асып отыр.
Орналастыру орындары 230 миллиард теңгенің қызметін көрсетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге көп. Туристік саладан бюджетке түскен салық түсімдері 450 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 64 млрд теңгеге артық.