Өскемендегі жағалау қашан дайын болады?
Өскемендегі Үлбі өзенінің жағалауында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының 80 пайыз аяқталған. Мердігер компания бұл жұмысты толық шілдеде бітіруге уәде беріп отыр.
Алайда жергілікті билік жоспарлы жұмыс межелі мерзімде бітпей қалуы мүмкін деп алаңдайды. Өйткені құрылыс қарқыны баяу жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шаһар басшысы жауапты мамандарға жұмыс барысын қатаң бақылауға алуды және нысанға тартылған жұмысшылардың саны, техникалар және орындалған жұмыстың көлемі туралы сағат сайын ақпарат беріп отыруды тапсырды.
Жоспар бойынша жағалау маңы толық абаттандырылып, үш жерде субұрқақ салынбақ, сондай-ақ бұл маңда спорт және ойын алаңдары пайда болады.