KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Республикалық Абай оқуларында ШҚО командасы Бас жүлде алды

Фото: gov.kz

16.08.2023, 11:45 372

8-10 тамыз аралығында Абай облысында жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында XXIV республикалық Абай оқулары өтті. Байқауға елдің барлық өңірінен 132 оқушы қатысты.

Байқауға ШҚО атынан қатысқан оқушылар жүлделі оралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқауды Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» ұйымдастырған.

Аймақтық кезеңде үздік шыққан 6 оқушы өлең бәйгесіне облыс атынан қатысып, бақ сынады.

Байқау 6 номинация бойынша өтті. Дәлірек айтқанда, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы, «Абайдың қара сөздері» атты қара сөздерді жатқа оқу байқауы, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы, «Көңілім әнді ұғады» атты Абай мен Шәкәрім ән-күйлерін орындау байқауы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер, «Ұлылар әлемі» атты Абай шығармашылығы туралы эссе жазу байқауына жіктелді.

Қорытынды бойынша аймақ атынан қатысқан оқушылар жүлделі орындар иеленді. Дәлірек айтқанда, Айғаным Балғабаева (Зайсан ауданы), Томирис Маратқызы (Тарбағатай ауданы) мен Арайлым Қанафия (Тарбағатай ауданы) І орын алса, Аруна Болатбекова (Өскемен қаласы) ІІ орынды, Меруерт Тоқтарғазы (Катонқарағай ауданы) ІІІ орынды иеленді.

Байқауда ерекше өнер көрсетіп, үздік атанған ШҚО командасына «Бас жүлде» дипломы мен кубок табысталды.

Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдар және сыйлықтармен, ұстаздары алғыс хатпен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив