Шемонаиха ауданында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын тапты
Кезекті «Таза бейсенбі» акциясын Шемонаиха ауданының Выдриха ауылының тұрғындары жалғастырды. Тазалық акциясына 50-ге жуық адам қатысып, «Уба» шипажайының аумағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Таза бейсенбі» акциясына қатысушылар «Уба» шипажайының маңындағы «Денсаулық жолы» атты қыдырыс алаңын ағаш қалдықтары мен қоқыстан тазартты.
Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаты Инна Захарованың айтуынша, «AMANAT» партиясының қолдауымен бастау алған «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы түгел жұрттың басын қосып, тазалық жолында жұдырықтай жұмылдырған. Осылай олардың әрқайсысы табиғаттың тазалығына үлкен үлес қосып келеді.