Прибрежный кентінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Алтай ауданына қарасты Прибрежный кентінде ұзындығы 7 шақырым болатын кірме жолды орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Айта кету керек, жөндеу жұмыстары өңірде жарияланған жол жылы аясында жүргізілмек, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Жергілікті тұрғындар бұл жұмыстарды асыға күткені рас. Себебі Прибрежный кентінде көлік ағыны көп. Сондықтан да жол жамылғысы бұзылған.
- Жол жамылғысының тозығы жетіп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ауыл тұрғындарын естен шығармай, сапалы жұмыстар жүргізіліп жатқаны үшін алғысымыз шексіз, - дейді жергілікті тұрғындар.
Оқи отырыңыз