KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

31.07.2024, 20:32 205 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір басшысы қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын тұрғындардың белсенділігін және олардың тың бастамаларын ерекше атап өтті. Бұл қатарда жастардың көп екені әсіресе көңіл қуантады. Айталық, Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Елнар Салпеков өңір елді мекендерінің дизайн кодын және брендбугін жасау туралы ұсыныс айтты. Аймақ басшысы жастардың бастамасын қашан да қолдауға дайын екенін жеткізді.

Аймақ басшысының қабылдауына келген аға буын өкілдері көпшілікті толғандыратын мәселелерді ортаға салды. Өскемен қаласының тұрғыны Тоқтасын Узгеттенов теміржол бекеті жақтағы қос қабатты тұрғын үйлерді жөндеу мәселесін көтерді. Бұл үйлерде негізінен зейнеткерлер тұрады.

– Комиссия алдымен ғимараттарды тексеріп шығады. Содан кейін қандай көмек берілетіндігі және қандай бағдарламаны қолдануға болатындығы туралы шешім қабылданады, – деп түсіндірді облыс әкімі.

I топтағы мүгедек Айболат Құнапиев жайлы баспана алуға жәрдемдесу туралы өтініш білдірген. Тұрғынның бұл өтінішіне құзыретті органдар заң шеңберінде тиісті көмекті көрсетеді.

Ал Мирный кентінің тұрғындары Ирина Будкеева мен Людмила Туницкая күрделі жөндеуді қажет ететін су бұру жүйесі туралы өзекті мәселе қозғады. Бұл кентте су құбырлары жиі жарылатынын айта кету керек.

Облыс әкімі бұл іс бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғанын атап өтті. Жобаның бюджеті 2,6 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта алғашқы қадамдар жасалып, 300 млн қаражат бөлінген. Құбырға тапсырыс та берілген. Қажетті жабдық жеткізілгеннен кейін желілерді ауыстыру жұмыстары басталады.

Жоба «Өскемен Водоканал» кәсіпорны мен облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бақылаумен жүзеге асады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив