KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО әкімі «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

19.02.2013, 18:00 101


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысының қабылдауында қаланың көмекке мұқтаж 17 азаматы болып, өз арыз-арманын жеткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қабылдау барысында облыс басшысына жалақыны уақтылы төлеуден бастап ұзақ жылғы үзілістен кейін жұмысқа орналасу секілді әртүрлі сауалдар қойылды. Тіпті облыс пен республика тұрғындарының өмірін жақсартуға арналған жаңа жобалар мен тың ұсыныстар да келіп түсті. Дәл осындай бастамамен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері облыс басшысының қабылдауында болды. Жас өнертапқыштар ерекше түспен боялған әртүрлі белгілер шығаруды ұсынды. Бұл белгілердің ерекшелігі күндізгі жарықты «есте сақтап», қап-қараңғы түнекте жарқырауында екен. Олар облыс Әкіміне өздерінің ойлап тапқан өнімдері-нің үлгісін де көрсетті. Семейлік жастардың жоспарлары тым үлкен. Тек республикалық нарыққа жол ашылса болды. Облыс басшысы жастар саясаты басқармасына жастардың бұл ұсынысын зерттеп, қолдан келгенше көмекті аямауды тапсырды.

Қабылдауға қала әкімі Айбек Кәрімов пен қалалық прокуратураның өкілдері де қатысқандықтан, көптеген түйткілді сауалдарды шенеуніктер қойын дәптерлеріне түртіп алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив