KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

ШҚТУ жатақханаларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2.08.2024, 19:01 100 Анель Слямғазықызы

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттер мен қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан техникалық университетінде үш жатақхана бар, студенттердің жайлы тұруына арналған 1500-ден астам орын қарастырылған.

Жатақханадағы оқу залы, демалыс бөлмелері, медициналық пункт, басқа да қажетті бөлмелері материалдық-техникалық базамен толық қамтылып, студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуіне барынша мүмкіндік жасалған.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар студенттер санатындағы білім алушыларға жатақханада тегін тұру құқығы беріледі. 

Көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге жатақханада тұруға 50% жеңілдік беріледі. Жатақхана орындарын объективті бөлу мақсатында орындарды ұсыну студенттің жеке кабинеті арқылы порталда электрондық өтінім беру арқылы жүзеге асырылады. Тұруға арналған ордерлер электрондық кезекке сәйкес беріледі.

ШҚТУ баспасөз қызметінің мәліметінше, жатақханаларды  абаттандыру және жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп, студенттер оқу жылының басында жаңа бөлмелеріне орналаса алады.                                        

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив