Студенттер SMS арқылы жатақханадан орын алады
фото: toistersolutions.com
Елімізде студенттер SMS арқылы жатақханадан орын ала алады. Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-ларда жатақхана орындарын бөлу қағидаларына өзгеріс енгізбекші, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Өтінішті қабылдау және жатақхана беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі төмендегі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (ЖЖОКБҰ) ақпараттық жүйелері;
2) «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
Қағидаларға енгізілетін өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет проактивті тәсілмен, яғни студенттің өтінішінсіз қарастырылады. Ол үшін студенттің телефон нөмірі «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелуге тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 24 сағатты құрайды.
Аталмыш құжат Ашық НҚА сайтына орналастырылған және 9 ақпанға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.