Алғабас тұрғындары таза сумен қамтылады – ШҚО
Елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету еліміз ұстанған маңызды бағыттардың бірі. Шығыс өңірінде де қалалар мен аудан орталықтарынан бастап шалғай ауыл тұрғындары таза судан таршылық көрмес үшін нақты жұмыстар атқарылып жатыр.
Мәселен, Күршім ауданының Алғабас ауылында су құбыры желілері тартылып жатыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Су құбыры тартылып пайдалануға берілсе, ауыл тұрғындары тұтас таза ауызсумен қамтылады.
Оқи отырыңыз