KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО мектептерінде өртке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

10.09.2024, 16:51 91 Айжанат Бақытқызы

Жаңа оқу жылында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті және Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері білім беру нысандарында профилактикалық жұмыстарды қайта бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушылар мен педагогтарды эвакуациялау бойынша алғашқы оқу жаттығуы облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінде өтті.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында өрт кезіндегі тәртіп ережелері пысықталды.

Сабақ барысында мектеп бөлмелерінің бірінде автоматты өрт дабылы іске қосылды. 500-ден астам оқушы мұғалімдердің бақылауымен жақын орналасқан эвакуациялық шығу жолдары арқылы түтінді ғимараттан өз бетінше шықты. Оқу жаттығуы ұйымдасқан түрде, дүрбелеңсіз өтті.

«Нақты өмірде де өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде балалар шұғыл түрде дұрыс шешім қабылдай білуі маңызды. Оқу үдерісі барысында мектеп оқушылары мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мектеп әкімшілігінің басты міндеттерінің бірі»,-деп атап өтті Өскемен қаласы ТЖБ бастығы Амангелді Еңсегенов.

Жуықта облыстың өзге мектептерінде де осындай оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив