KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚО мектептерінде арнайы жаттығу өтіп жатыр

20.09.2023, 14:33 123

ШҚО ТЖД қызметкерлері білім беру объектілерінде өрт кезіндегі іс-қимыл ережелерін үйретуге арналған жаттығу өткізе бастады. Осындай 300-ден астам сабақ өткізу жоспарланған.

Жоспар бойынша қалалар мен аудандардағы мектептерде дабыл қағылғаннан кейін оқушылар ғимараттан шығып, осындай жағдайда қандай әрекет істейтінін көрсетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара барысында ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері профилактикалық жұмыс жүргізіп, кеткен қателіктерді көрсетіп, төтенше жағдай кезінде дүрбелеңге жол бермеудің маңызын түсіндіреді.  

– Өрт туындаған кездегі басты міндет – уақытында әрекет ету және «101» қызметіне хабарлау, оқушыларды эвакуациялау. Түскен сигнал бойынша біздің бөлімшелер оқиға орнына аттанып, құтқару, эвакуациялау, өрт сөндіру жұмысын жүзеге асырады. Іс-әрекеттің үйлесімділігі пысықталуы керек. Сондықтан бұл жаттығулар тұрақты негізде жүргізіледі және педагогтер мен балаларды тәжірибе жүзінде оқытуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив