Өскеменнің мектептерінде оқу-жаттығу дабылы өткізілді
Өскемен қаласының білім мекемелерінде бүгін ауқымды техногендік қауіп жағдайында білім нысандарынан қауіпсіз аумаққа эвакуациялану бойынша оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқу-жаттығу дабылы қаланың бірнеше мектептерінде бір уақытта қағылды.
Іс-шараның мақсаты – білім беру мекемелерінің техногендік апат кезінде эвакуацияға дайындығының сапасын жақсарту, жастардың ұжымдық қорғаныстың негіздері бойынша теориялық және практикалық дағдылануына мүмкіндік жасау.
Оқу-жаттығу эвакуациясы – білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша маңызды, жауапты әрі күрделі іс-шаралардың бірі. Мұндайда адамдардың әр түрлі жағдайға дайындығы олардың өміріне әсер ететіні анық.
Бүгінгі өткен шара қала мектептері Төтенше жағдайлар бойынша басқармадан күшті әсері бар улы заттаржың ауаға бөлінуі туралы дабылдың түсуіне байланысты. Қауіпті жағдайда не істеу керек? ТЖ кезіндегі қарапайым қорғаныс шаралары қандай? Осы сұрақтарға оқушылар оқу-жаттығу барысында жауап алуға тиіс еді.
Уәлихан Асанов, №11 қалалық орта мектеп-лицейінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы:
- Бүгін жалпықалалық масштаб жүйесінде өте улы заттардың бөлінуіне байланысты адамдарды мектеп-лицейдің ғимаратынан қауіпсіз жерге көшіру бойынша жаттығу өткізілмек. Алдымен мектеп стадионында сапқа тұрғызылып, одан кейін жаяу жүріспен қауіпсіз жерге бағыт алады. Мұндай жаттығулар бізде ғана емес, басқа мектептерде де бір уақытта өткізілуде.