KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Өткен жылы 16 жүкті әйел босанып жатып, қайтыс болған - ШҚО

29.04.2022, 11:24 137

Бұл жағдайлардың алдын алуға да болатын еді. Алайда өңірдегі бұл мәселенің негізгі себебі – мамандар жетіспеушілігі.

AMANAT партиясының ШҚО бойынша филиалының денсаулық сақтау және білім саласы сұрақтары бойынша аймақтық қоғамдық тыңдауында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары ана мен бала өлімін азайту шаралары туралы есеп берді.

Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ана өлімінің 16 жағдайының 11-іне коронавирус инфекциясы себеп болған. Ал екі жағдай жүрек-қан тамыр аурулары, бір жағдай қағанақ суы эмболиясы, сепсис және экламсия салдарынан.

Өткен жылы ШҚО-дағы Марқакөл ауылы мен Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Үржар, Тарбағатай аудандары және Риддердеі ауруханаларда босандыру деңгейін көтеру бойынша шара қолданылған. Бұл медициналық ұйымдарға трансфер есебінен 946 медициналық құрылғы сатып алынды. Ағымдағы жылы бұл шара Үржар ауданындағы Мақаншы ауылында, Бородулиха аудандық ауруханасы, Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында, Көкпекті, Шемонаиха, Зайсан аудандық ауруханаларында жалғаспақ.

Босандыру қызметіндегі мамандар жетіспеушілігі 15-тен 20%-ға дейін. Әсіресе ауылдық жерлерле дәрігерлер жетіспейді, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

- Қазір медициналық ұйым басшылығы бос орындар жәрмеңесіне жиі қатысып, Семей медициналық университетінің түлектерін тартып, медициналық даярлыққа жеті жылға, колледждермен төрт жылға дейін ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуда. Жергілікті бюджеттен көтерме ақы төлеу, баспана жалға беру, баспана алу үшін жеңілдетілген несие беру сұрақтары қарастырылуда. 

Босандыру қызметі мамандарын үш деңгейлі оқыту ұйымдастырылған. Үшінші деңгейлі аймақтық ауруханаларда 58 дәрігер оқудан өтсе, республикалық орталықтардан – 125. ШҚО-ның 37 дәрігері үшін Грузия және Оңтүстік Корея мамандарымен екі шеберлік сағаты өткен. Облыстағы 24 акушер-гинеколог, анастезиолога-ренииматолог, неонатологы Израильден оқып келсе, бесеуі Ресей Федерациясынан оқып келді.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив