Риддерде 2 адамды кене шақты
Ақ халаттылар риддерлік тұрғындарды кене энцефалитіне қарсы вакцина алуға шақырады.
Риддер қаласында кене шағып, зардап шеккен 2 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– 23 наурыз күні кене шағып алған төртінші аудан тұрғыны медициналық көмекке жүгінді. Бірнеше күннен кейін Шаравка аймағында тұратын адамға да дәл осындай көмек қажет болды, – деді Риддер қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Гүлмира Мрзагарайева.
Сондай-ақ дәрігер риддерлік тұрғындарды кене энцефалитіне қарсы вакцина алуға шақырады. Ол үшін қала тұрғындары жақын жердегі медициналық мекемеге жүгінуі керек.
Оқи отырыңыз