Ұлытауда ауыл тұрғындары алкогольден түбегейлі бас тартты
Фото: шартты сурет
Қазақстандағы кезекті ауыл байсалды өмір салтын жариялады. Бұл жолы Жаңаарқа ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдың тұрғындары алкогольден бас тартқандары жөнінде айтып берді.
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданындағы ауыл тұрғындары үшінші жыл қатарынан алкоголь ішпейді. Құрамында алкоголь бар өнімдер жергілікті дүкендердің сөрелерінен де алынып тасталды. Ауылдық округте тұратын жастар салауатты өмір салтына көшудің бастамашылары болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Ауыл жастары мал өсірумен айналысып, жеке бизнесті дамытып отыр. Қазір ауылда 85 шаруа қожалығы бар.
Солтүстік Қазақстан облысының Ковыльное ауылы да ішімдіктен мүлдем теріс айналған. Бұл – қазірдің өзінде алкогольден толықтай бас тартқан аймақтағы үшінші ауыл.
Осы ауылдың игілікті қадамдары еліміздің барлық ауылдарына үлгі болса, құба-құп.