KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да ағза трансплантациясын қажет ететін 300-ге жуық науқас бар

Фото: mavink.com

12.10.2023, 19:03 220

Бүгінгі таңда өңірде ағза трансплантациясын қажет ететін 271 науқас бар. Оның ішінде, 266 ересек адам болса, 5-еуі бала.

2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін республика бойынша 2 мыңнан астам ағза ауыстыру операциялары жүргізілген. Оның ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донордың трансплантация үлесі 16,6% құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Пациенттердің көпшілігі бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Атап айтқанда, 1833 адамға бүйрек, 472 адамға бауыр, 90 адамға жүрек қажет.

- Невропатологтар мен реаниматологтарды мидың өлімін анықтау бойынша біліктілікті арттыру курстарын оқыту қажет. Бүгінде біздің өңірде екі донорлық стационар бар — бұл ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы және облыстық аурухана. Бұл жерге мидың өліміне әкелуі мүмкін диагнозы қойылған, патологиясы бар науқастар жүгінеді. Медициналық мекемелердің әрқайсысында трансплантация үйлестірушілері жұмыс істейді, - деді ШҚО трансплантация үйлестірушісі Аслан Нұрғалиев.

Қазір облыс бойынша 244 адамға бүйрек, 8 адамға жүрек және 15 тұрғынға бауыр қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив