KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

Қазақстанда жыл сайын жүз адам донор кезегін күтіп, көз жұмады

24.11.2019, 10:08 259

2017 жылы донор кезегін күткен 91 адам қайтыс болса, 2018 жылы 121 адам өмірден өткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Медицина мамандарының айтуынша, Қазақстанда ағза доноры өте тапшы.

– Қазіргі уақытта кезекте 3 128 адам тұр. Жыл сайын жүз шақты адам ота кезегіне жете алмай қайтыс болады, – дейді дәрігерлер.  

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде бүйрек ауыстыруға 2 706 азамат өтініш білдірген және оның 69-ы балалар. Бауырдың трансплантациясына кезекке тұрған 295 адамның ішінде 6 бала бар. Өкпесін ауыстыру үшін жеті адам кезекке тұрған. Сондай-ақ жүрек трансплантациясына кезекке тұрғандар саны 120-ға жетіп жығылады. Оның ішінде 13 бала бар.

Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының ақпаратына сәйкес, бүйректі алмастыру шамамен 3 миллион 200 мың теңге . Бауырды алмастыру құны 5 миллион 800 мың болса, жүректі алмастыру отасына 25 миллион қаражат қажет. Бірақ бұл оталар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Сол себепті ота шығынын мемлекет төлейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу