Онкоорталық дәрігерлері кәсіби мерекені ерекше атап өтті – ШҚО (видео)
Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы медицина қызметкерлері күнін ерекше форматта атап өтті.
Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Онкоорталық дәрігерлері жұмыстағы қарбаласқа қарамастан атаулы мерекені ерекше форматта атап өтуді шешіпті. 90 жылдарға саяхаттаған ақ халатты абзал жандар сол заманның әнін айтып, биін биледі. Кейбір бөлім қызметкерлері жұмыс барысынан көріністе дайындапты.
Дәрігерлердің айтуынша, орталықтағы кез келген мереке дәл осындай жоғары дайындықпен, ерекше өтетін көрінеді.
Шара соңында үздік деп танылған медицина қызметкерлеріне алғыс хат табыс етілді.