KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

АҚШ-та тұрып келген өскемендік жігіт: Адамдар өте қарапайым

27.05.2019, 08:37 229

Өскемендік Бауыржан Садықов мұхиттың ары жағындағы Америкаға білім қуып екі мәрте барып келді. Бірінші рет «Work&Travel» атты бағдарламамен 2012 жылы барса, арада бес жыл өткенде тағы да оқу жағдайымен ат басын бұрған еді. Қазір ол оқыған-тоқығанын өз Отанының игілігіне жаратып, елде қызмет қылуда. Сонау әлемге үлгі болып отырған мемлекетте не көрді, не білді – сыр қылып айтқан еді.

– Америкалықтардың сырттан келгендерге көзқарасы қалай, Бауыржан?

– Американың көп қаласына бара алмадым. Мен көргенде халқы ырғын шаһар Нью-Йорк екен. Көшесінде түрлі нәсіл, түрлі типаж – кім қай ұлт екенін ажыратып болмайды. Сондықтан олар ешкімді бөліп-жарып жатпайды. Ағылшыншаңыз нашар болса да, сұрағаныңызды түсінуге, іздегеніңізді тауып беруге барын салады.

– Ендеше, ең әуелі, біздің америкалықтардан қандай айырмашылығымыз бар, соны айтыңызшы?

– Бізде, таныс болмаса, ешкім-ешкімге қайырым жасамайды. Ал егер таныс екен, онда бар ғой жанын салып көмектеседі. Бұл жағдай Америкада керісінше, онда кім мұқтаж, соған қол ұшын созады. Көшеде де, басқа жерде де.

Сондай-ақ америкалықтар жеке бас бостандығын шыр-пыр болып қорғайды. Ешкімге де белгілі шектеуден өтуге жол бермейді. Ал біз болсақ ойдағы нәрсемізді сенімді адамға ғана айтамыз. Білгіміз келгенін сенімді адамнан ғана сұраймыз. Сенімді адаммен ғана селкеусіз араласамыз.

Енді америкалықтардың бізден ерекшелігін айтсам, онда әркім өз шаруасымен ғана жүреді. Шаруаңды бітірдің бе, аялдамай кете бересің. Мәселен, мен сонда жүргенде досымның үйіне бардым, ата-аналары да қонаққа келіп жатыр екен. Сол кезде келген шаруамды бітірдім де, шығып кеттім. Ешкім қуып шықпады, бірақ ұзақ отыруға еш себеп жоқ секілді сезілді.

– Иә, қызық екен. Бізден тағы қандай ерекшелігі бар?

– Біз кездескен жерде саясат төңірегінде әңгіме қозғаймыз ғой. Билік басындағылар жайын айтамыз. Иә, олар да саясат туралы айтып, талқылаулар жүргізіп жатады. Бірақ көбіне жеке өмірі, неге әуес екендігі жайлы сөйлеседі.

– Ал мемлекеттік қызметкерлердің әңгімесе қай тақырыпта?

– Олар да қарапайым адамдар секілді. Полицейлеріне қорықпай жақындап, керегіңді сұрайсың немесе жәй ғана жұмысына сәттілік тілеуге болады. Олар да саған күдіктеніп қарамай, күле жауап беріп қала береді. Мәселен, біз полицейлермен селфиге де түскенбіз. Бұл Қазақстанда қаншалықты мүмкін болатын білмеймін өз басым. Жалпы ол жақтағы адамдардың барлығы өте қарапайым.

– «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, ол жақта жүргенде жеке басыңызда қиындықтар болды ма?

– Бізде кедергілерге кезіккендердің көк қағаз арқылы келісімге келіп, өтіп кететінін білеміз ғой. Ал ондай «трюк» Америкада әжетке жарамайды. Халық заңға толық сенім арта алады. Бірақ мұндай шиеленісті оқиғалар өз басымнан өткен жоқ.

– Өзіңіз айтып жатқандай, қай жағынан да қамшы салдырмайтын мемлекетте жүріп Қазақстанды сағындыңыз ба?

– Елімнің тамағын сағындым. Америкадағы тағамдар қатты дәріленеді. Олардың пиццасынан қарағанда біздікі таза.

– Сауда жайы қалай?

– Дүкендегі киімнің бағасын кассаға бармайынша білмейсің. Этикеткадағы баға сатушы алдында басқа болып шығады. Әр тауарға салық салынады. Олардың өлшем бірліктері бөлек. Франгейт, дюйм, фунт деп кетеді. Сол қиын.

– Бос уақытыңызды қалай өткіздіңіз?

– Әр аулада бескетбол алаңы, әр үйде баскетбол шығырығы бар. Сондықтан осы спорт түрімен айналыстым. Достарыммен суға шомылдым.

– Американың аруларымен сырласпадыңыз ба? Сұлу ма екен?

– Әркімнің таңдауы әрқалай. Маған өзіміздің қыздар ұнайды.

– Болашақта қай елде өмір сүрер едіңіз?

– Америкада. Өмір сүруге аса қолайлы. Жолы тақтайдай тегіс, зейнетақы қорына мол қаражат аударылады, емханалары жақсы қарайды. Иә, бұл мәселелер біздің елде де реттеліп келеді, десе де мен Американы таңдар едім. Онда ешқандай қолдаусыз өз еңбегіңмен өсесің.

Бұл таңдау да әркімнің алға қойған мақсатына қарай ғой.

– Америкадан, бізден мүлде басқа ортадан қандай өзгеріспен оралдыңыз?

– Білесіз бе, Америка мен Қазақстанның адамдарында айырмашылық жоқ, адамдар бәрі жерде бірдей. Бірақ өмір сүру жағдайлары бөлек. Сондықтан болып жатқан оқиғаларға екі жақтың халқы екі түрлі қарайды. Мен де бір жағдайға қатысты неше түрлі пікір болатынын білдім. Көзқарасым өзгеріп, танымым кеңейді.

– Әңгімеңізге рақмет

yk-news.kz сайтында жарияланған материалдан аударылды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив