Бүгін балаларды қорғау күні Өскеменде облыс әкімі Даниал Ахметовтің және "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен әлеуметтік орталықтар ашылды.
Орталықтардың өскелең ұрпақтың саулығына тигізер пайдасы орасан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Біз ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бірден екі әлеуметтік маңызды нысанды аштық. Бұл – ерте анықтау орталығы және аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталық. Ана мен бала орталығы базасында шілде айында нейро-ортопедиялық бұзылулары бар 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған "Қамқорлық" ерте көмек бөлімшесі іске қосылады. Бұл жыл сайын даму кемістігі бар және олардың пайда болу қаупі туындаған 600 балаға абилитациялық және оңалту көмегін алуға, сондай-ақ диагностикалық аудиологиялық тексеруден және соңғы жабдықта мидың ЭЭГ-нен өтуге мүмкіндік береді, – деді орталықтың ашылу салтанатында облыс әкімі.
Мұнда реабилитолог-дәрігерлерден, невропатологтардан, емдік денешынықтыру нұсқаушыларынан, еңбек терапевтерінен, логопедтерден және дефектологтардан тұратын көпсалалы мамандар тобы жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында "Үлбі "аутизмі бар балаларға арналған "Қамқорлық" орталығы өз есігін ашты, онда әр баламен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істелінеді. Мұнда балалармен ава-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, адаптивті және емдік денешынықтыру, еңбек терапиясы, арт-терапия, музыкалық терапия, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, логопедпен, психологпен және логопедпен сабақтар өткізіледі.
– Екі әлеуметтік нысан да аймақ үшін өте маңызды. Өйткені біздің міндетіміз – біріншіден, балалардың даму ақауларын ерте анықтау және оларды сәтті емдеу үшін барлық жағдайларды қамтамасыз ету. Екіншіден, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін білім алу және қоғамға интеграциялау үшін барлық жағдайларды жасау, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Айта кетейік, бүгінгі Балаларды қорғау күні мерекесінде еліміз бойынша осындай төрт оңалту орталығы ашылып, жұмысын бастады.
– "Қамқорлық» қорының ұсынысымен «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері балаларға арналған оңалту орталықтарының ашылуын қаржыландырып келеді. Үш жыл ішінде Қор Қазақстанда 15 «Қамқорлық» оңалту және 6 ерте араласу орталығының ашылуын қаржыландырды. Бұл істе сіздердің өңірде орналасқан Қор кәсіпорындарының да үлесі зор екенін атап өту керек. Тиісті жұмыстар биыл «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе жалғасын тауып, тағы 13 ерте араласу орталығын ашудамыз, – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов