KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Автобустарда маска режимі қатаң сақталуы керек

28.01.2021, 14:32 166
Өскеменде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Санитарлық шаралардың қатаң сақталуы, әсіресе жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде алып жүру коронавирустық инфекциямен күресте негізгі және маңызды талаптардың бірі болып табылады. Осы жағдайларға байланысты мониторингтік топтар мекемелер мен қоғамдық көліктерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын түсіндіру және тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.  

Қазіргі кезде барлық автобустарда шектеу шаралары сақталмайтынын атап өткен жөн. Қоғамдық көліктер бойынша кезекті рейд кезінде мобильді топ осы жағдайға байланысты бірқатар құқық бұзушылықтарды тіркеді. Соны ішінде мамандар жолаушылардың маскалық режимді қаншалықты қатаң сақтайтынына және қоғамдық көліктегі дезенфекцияның жиі жүргізілетініне баса назар аударды. 

Сондай-ақ қаланың барлық тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, міндетті түрде бетперде киіп жүруге шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив