KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

«Абайлап жүріңіз!» – Өскеменде жаңа жол ашылды

30.11.2020, 14:22 274

Өскемендегі Сәтпаев даңғылымен параллель салынып жатқан көше бүгіннен бастап ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеумет желісіндегі парақшасында мәлімдеді.


– Бұл жол Есенберлинге жалғаса басталып, Жібек жолы көшесіне тіреледі. Жалпы, көшені толық іске қосу келесі жылға жоспарланған. Мердігерлер тротуарларды, оң жақ бұрылыстарын, асфальттың соңғы қабатын жайып, жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстарын аяқтайды, – деді облыс әкімі.


Жолдың теміржолға дейінгі ұзындығы 1760 метр. Ені – 28 метр. Жалпы алты жолақ болады. Қосымша веложол мен тротуар салынады. Жобаны «Востоквзрывпром» компаниясы іске асырған.


–Көшенің әзірге астыңғы қабаты ғана төселген. Жұмыс жүріп жатқаны, қауіпті екені туралы және жылдамдыққа шектеу белгілері қойылды. Қыс түсті. Жұмысты уақытша тоқтатып қойдық. Дегенмен жолдың қарын ұдайы күреп отырады, – деп түсіндірді компания басшылығы.


Компания басшылығы жарығы тартылмаған әрі толық аяқталмаған көшеде абайлап жүруді ескертеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив