Өскемен тұрғыны полицияға мина алып келді (видео)
Бүгін Өскеменде қалалық полиция басқармасының ғимараты орналасқан аудан қоршалып, полиция қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Үйінде сақтаулы тұрған минаны полицияға өткізейін деген ниетпен келген қала тұрғынының әрекеті тәртіп сақшыларын біраз әбігерге салған екен. Кейін жарылғыш заттың оқу минасы екені анықталды.
Дегенмен, қауіпсіздік мақсатында Қабанбай батыр көшесі жабылып, ондағы қозғалыс уақытша тоқтатылған.
Оқи отырыңыз