Тұрғын үйден өрт шығып, 4 адам құтқарылды - ШҚО
Бүгін түнде Өскеменде Назарбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққан.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер бірден 4 адамды түтін басқан үйден алып шықты, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.
Зардап шеккен тұрғындарды бірден ақ халаттылар тексерге, десе де олар ауруханағс жатудан бас тартқан көрінеді.
- Үйден алдымен 2 адам шығарылған, кейін олар үйде тағы 2 адам қалып қалғанын айтты. Осылайша, 1974, 1982 және 1988 жылғы үш ер адам, 1987 жылғы әйел адам құтқарылды. Өрт отты абайсызда пайдаланып, сөнбей қалған темекіден шығуы мүмкін, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер 90 м2 алаңда өртті толығымен ауыздықтады. Тілсіз жауды жоюға жеке құрамнан барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылған.