Кішкентай қызды қасқыр тістеп алды – Өскемен
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Облыс орталығындағы саябақта 10 жастағы қыздың саусағын қасқыр тістеп алған көрінеді.
Оқыс оқиға 11 наурыз күні болған. Ата-анасының айтуынша, кішкентай қыз жыртқышты еркелетіп, сипап көрмек болғанда саусағын қасқыр тістеп алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қыздың ата-анасы ішінде жыртқыштар бар қоршауларда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кеңейту керек деген пікірде.
Ал саябақ әкімшілігінің сөзіне сүйенсек, бұл жерде қазір 320 жануар бар. Барлығы қоршауда тұр және әрқайсының жанында ескерту белгілері қойылған екен. Десе де, тұрғындардың ешқайсы оларды елемейтін көрінеді.