KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Тұрғын үйден өрт шығып, әйел адам көз жұмды – ШҚО

9.02.2023, 14:25 372 Ләззат Қанатқызы

Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінде тұрғын үйден өрт шығып, әйел адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға 9 ақпан күні сағат 03.52 шамасында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал, денесін орташа дәрежеде термиялық күйік шалған 1992 жылғы ер адам жан сақтау бөліміне жатқызылды.

- Таңға жуық өрт шыққанын білген ер адам алдымен баланы үйден алып шыққан. Артынша қайтадан әйелін құтқару үшін үйге кірмек болған. Алайда, қызыл жалын шарпыған үйге кіре алмай, денесін күйік шалып, сыртқа шығуға мәжбүр болыпты, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Үйдегі ағаш шатыр құрылымдары, төбелер, есік-терезесі, тұрнмыстық техникалар мен жеке заттары түгелдей өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер үй ішінен 1995 жылы қайтыс болған әйелдің денесі тапты.

- Оқиға орнынан жеткен өрт сөндірушілер 70 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтады. Алдын ала өрттің себептері бойынша бірнеше нұсқа қарастырылып отыр. Атап айтқанда, от жаққанда қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - деп түсіндірді ТЖД мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив