KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Риддер қаласында үш жарым тонна шөп өртеніп кетті

18.11.2023, 12:51 345 Назерке Каримова

Риддер қаласында Пролетарская көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағынан өрт шықты.

Өрт сөндірушілер келген кезде 3,5 тонна шөп өртеніп кеткен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 6 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

- Өрттің себептері бойынша абайсызда отпен жұмыс істеу және өрт қою нұсқасы қарастырылуда. ШҚО ТЖД Тұрғын үй құрылыстарының жанындағы сарайлардың төбелеріне шөп жинамауды, сондай-ақ  өтпе жолдарды үйіп тастамауды ескертеді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу