Семейде өрттен 2 адам көз жұмды. Үй ішінде газ баллондары болған
03 наурызда таңғы сағат 5 шамасында Семей қаласындағы Белібаев көшесінде төрт қожайыны бар көппәтерлі жеке үйде өрт шықты.
Өрт сөндіру бөлімшесі келіп жеткенше шатырдың ағаш құрылымдары өртке оранған, сонымен қатар №2 пәтер де ашық өртеніп жатты. Отқа оранған ғимараттан өрт сөндірушілер 2 газ баллонын алып шықты.
- Өрттің ауданы 180 шаршы метрді құрады. Құтқарушылардың үйлескен іс-қимылының арқасында өрт қысқа мерзімде жылдам сөндірілді. Барлау жүргізу барысында газ түтіннен қорғау қызметі ғимараттан 1946 жылы туған үй иесі мен 1976 жылы туған ұлының денесін алып шықты, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер өрттің шығу себебі н анықтап жатыр.