KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Өскемендегі жас былғары қолғап шеберлеріне Олимпиада чемпионы ақ жол тіледі

21.01.2019, 15:49 264


Өскемендегі Жекпе-жек сарайында бокстан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды.


Жарысқа республиканың барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген жас былғары қолғап шеберлері қатысып, 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтауда.


Біріншіліктің ашылу салтанатына қатысқан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысушыларды доданың басталуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.


Айта кетейік, чемпионатқа құрметті қонақ ретінде бірқатар танымал боксшы мен бапкерлер де шақырылыпты. Олардың арасында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов пен екі бірдей Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов те болды.


– Биылғы чемпионаттың жеңімпаздары ел құрамасына шақырту алып, алдағы күзде Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия біріншілігіне дайындалатын болады. Мұнда іріктеу сындарынан өткен кіл мықты жиналды. Кезінде өзіміз де осындай жарыстарға қатысып, шеберлігімізді шыңдап, тәжірибе жинақтағанбыз. Жалпы, Өскемендегі дода өте жоғары деңгейде ұйымдастырылуда екенін атап өткім келеді. Жарыс жанкүйерлер үшін де аса қызықты болады деп сенемін, – деді бүгінде бокстан республикалық олимпиадалық дайындық орталығын басқарып отырған Ермахан Ыбырайымов.


Тағы бір айта кетер жайт, чемпионаттың ашылу рәсімінде үш Әлем чемпионы мен көптеген спорт шеберін дайындап шығарған белгілі бапкер Ғани Жақыповқа Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» төсбелгісі берілді.


Алты күнге созылатын былғары қолғап шеберлерінің айқасы 26 қаңтар күні аяқталады. Осы ретте Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан біріншілікке кіру тегін екенін еске салайық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив