KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы халықаралық жарыс өтті

19.01.2019, 13:37 249



Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлделері сарапқа салынған дәстүрлі халықаралық жарыс мәресіне жетті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған додаға 10 елдің мықтылары қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өткен бәсекенің барысын жергілікті спортсүйер қауыммен бірге облыс әкімі, республикалық жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов те тамашалады.


– Бұл жарыстың мән-мағынасы айрықша зор. Өйткені, оған қатысушылар өзара мықтыны анықтап қана қоймай, тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы доданың жастарға да берері мол. Осымен бесінші рет жалауын желбіреткен жарыстың деңгейі де жыл өткен сайын арта түсуде. Бұған өзіміздің саңлақтармен қатар, өзге мемлекеттерден арнайы ат арытып келген атлеттер де септіктерін тигізуде. Сол үшін бүгінгі турнирге жиналған барлық спортшыға алғыс айтқым келеді. Осындай жарыстарда жақсы нәтижелер көрсеткен жас жеңілатлеттер болашақта даңқты жерлесіміз Ольга Рыпакованың да жетістіктерін қайталап, Олимп шыңын бағындырады деп үміттенемін, – деді аймақ басшысы жарыстың ашылу салтанатында.


Облыс әкімінің ізгі тілегіне үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да қосылды.


– Бұл бәсеке – жас спортшылардың шыңдалар ортасы. Бүгінгі жарысқа қатысып отырған атлеттердің ішінен болашақта әйгілі саңлақтар, Әлем және Олимпиада чемпиондары шығатынына кәміл сенемін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! – деді О.Рыпакова.


Айта кетейік, биылғы турнирге Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия мен Украинадан жалпы саны 100-ден астам спортшы қатысып, 60, 400, 800 және үш мың метрге жүгіру, сырықпен секіру, биіктікке, сондай-ақ ұзындыққа секіру, эстафета сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив