KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 1 м/с, ОБ
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да үсік жүруі мүмкін

17.09.2023, 15:31 419 Ләззат Қанатқызы

Атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болмақ.

Синоптиктердің болжамын сүйенсек, бүгін түнде ШҚО-ның кей аймақтарында үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Түнде еліміздің оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады.

- Республика бойынша оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман күтіледі, - делінген “Қазгидромет” РМК хабарламасында.

Сондай-ақ Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу