KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

ШҚО-да бүгін түнде үсік жүруі мүмкін

17.05.2023, 10:31 978 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонының жотасы өз әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдердің әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде күн құбылмалы болуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік жүреді, дейді синоптиктер.

Сондай-ақ кей аймақтарда жел күшеюі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу