Алакөлге пойыздар мен автобустар қатынай бастады
Фото: dalanews.kz
Ағымдағы 1 маусымнан бастап Алакөлге пойыздар мен автобустар қатынай бастады. Теміржол көлігі тақ күндері, ал жолаушылар автобусы күнделікті жүреді.
Туристер ыңғайлығы үшін жолға 15 вагон қойылды. Облыстық әкімдік өкілдерінің айтуынша, автобус билеттерінің құны 3,5 мыңнан жеті мың теңгеге дейін. Тасымалдаушыларға берілетін тендер қаражаты келісілудің соңғы кезеңінде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Пойыз плацкарт және купе-вагондардан құралған, жалпы 342 орын бар. Қазіргі таңда Министрлік тасымалдаушыны таңдап жатыр. Қосымша облыс орталығынан Алакөлге күніне екі рет облысаралық автобустар қатынайды, – деді ШҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Акрамов.
Үкімет биыл көлік инфрақұрылымын дамыту нәтижесінде 2023 жылы елдегі туристік нысандарға тоғыз миллиондай қазақстандық келеді деп болжауда.
Оқи отырыңыз