Облыс орталығында бір күннің ішінде бірнеше көлік тоналды
Өскеменде бір күннің ішінде тұрақтар тұрған бірнеше автокөлікті тонап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Үлбі ауданының тұрғындары автокөліктерінің тоналғанын айтып, полицияға шағым түсірді. Олардың айтуынша, қарақшы кейбір көліктерді кілтпен ашып алса, кейбіреуінің терезесін шағып, салондағы бағалы заттарды түгел алып кеткен.
Ұрыны тәртіп сақшылары шағым түскен күні-ақ құрықтады. Ол тағы бір көлікті тонап жатқан жерінде қолға түскен екен.
Анықталғандай, 38 жастаы күдікті бұған дейін сотты болған. Қазір ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз