ШҚО-да ұлы өз әкесін тонап кетті
Алтай аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері өзінің туған әкесін тонаған ер адамды құрықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
25 шілде күні 84 жастағы зейнеткер полицияға өз ұлының үстінен шағым түсіріп, шара қабылодауды сұраған екен. Қарияның айтуынша, ұлы саяжай үйінің ауласына жасырып қойған шытқа түйілген құжаттар мен банк картасын, сондай-ақ, 100 000 теңгені ұрлап кетіпті.
Тәртіп сақшылары 49 жастағы ер адамды құрықтады. Тергеу амалдарының барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Оқи отырыңыз