ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
ШҚО ПД қызметкелері Тәжікстан Республикасының Құқық қорғау органдарынан жасырынған күдіктіні Өскемен қаласында қолға түсірді.
Ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген 27 жастағы ер адам алаяқтық жасап, артынша ізін суытқан көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 2021 жылдың тамызында аталған күдікті танысына Латвия Республикасына виза алуға көмектесемін деп уәде беріп, 2 325 доллар ақша алған. Тәжікстан Республикасы Соғды облысының ІІМ - і ҚК 247-бабы 2-бөлігі бойынша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Біраз уақыттан кейін күдіктінің орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағында анықталып, қаңтар айында ұсталып, Тәжікстан Республикасына жер аударылған.
Оқи отырыңыз