KZ
Өскемен
-28°
туман Штиль
506.7 593.14 6.53

ШҚО-да бағалы металды заңсыз өндірген тұрғын жазаланды

16.02.2023, 16:25 476 Ләззат Қанатқызы

Ұлан ауданының аумағынан алтын кесектерін заңсыз өндірген өскемендік тұрғын жазаланды.

Өткен 2022 жылы 3 қыркүйекте ер адам Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округінің "Алтынбастау" учаскесінен рұқсат құжаттары жоқ, металл іздегішті қолдана отырып, бағалы металдар іздеп, 9 алтын кесегін өндірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 23 қаңтар күну Ұлан аудандық соты ҚР Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарады. Сот қала тұрғынын кінәлі деп тауып, жаза ретінде 40 АЕК немесе 122 520 теңге көлемінде айыппұл тағайындады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу