KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Қорасында байлаулы тұрған биені алып кеткен - Үржар

8.12.2021, 12:38 77

Үржар ауданының полиция қызметкерлеріне ауданның 53 жастағы тұрғынының мал ұрлығын жасағаны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

23 қарашасына қараған түні Үржар ауданындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам жасырын түрде бөтеннің үйдің жанында орналасқан қорасына заңсыз кіріп, 600 000 теңгеге бағаланатын биені ұрлап кеткен.

«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігіне сәйкес мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив