Несие рәсімдетемін деп, оңбай алданды – Өскемен
Қазан айының соңында Ертіс полиция бөлімінің 102-арнасына Ұлан ауданының 34 жастағы тұрғыны шағымданған. Белгілі болғандай, ол несие ресімдеуге көмектескені үшін танысына 850 мың теңге берген. Алайда, несие де жоқ, берген ақша да қайтпаған.
"Жәбірленушінің айтуынша ол ескі несиелерді жабу үшін жаңа несие ресімдеуді шешкен. Бұл қызмет үшін ол танысына 850 мың теңге берген. Алайда, ақшаны алғаннан кейін ешқандай несие де берілмеген, ал танысы байланысқа шықпай қойған", - деді Өскемен полиция басқармасының басшысы Андрей Мула.
Полиция қызметкерлерімен осы іс бойынша күдікті 52 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстаған.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оны 1000 АЕК - ке дейінгі айыппұлдан бастап, мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза күтіп тұр", - деп түсіндірді полицияда.