KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, З
530.24 543.97 5.16

Биыл колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 153 мың орынға дейін артады

pexels.com

Кеше, 12:00 144 Төлеуғазы Жансая

Оқу-ағарту министрлігі 9-сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алу мүмкіндігін кеңейтуде. Биыл техникалық және кәсіптік білім беру саласында тегін оқумен қамтылған студенттер саны 153 мыңға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артық. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да техникалық мамандықтарға бөлінеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Басты мақсат – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бұл үшін білім беру мекемелері заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіліп, педагогтердің біліктілігі арттырылады. Қазіргі уақытта кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді және кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сонымен қатар дуальді оқыту жүйесін дамытуға және бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тартуға ерекше назар аударылады.

Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қолдау көрсетуде, алдағы уақытта олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. WorldSkills стандарттарына және кәсіптік стандарттарға сәйкес 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленген. 2025 жылға дейін жұмыс берушілермен бірлесіп тағы 2 мыңнан астам жаңа бағдарлама жасалады. Сонымен қатар өндірістік базада 2 мың педагог кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу