KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
530.24 543.97 5.16

2024 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттер саны 30%-ға азайды

pexels.com

Кеше, 13:00 135 Төлеуғазы Жансая

Елімізде ірі қара малдың бруцеллезбен ауруы тұрақты түрде төмендеп келеді. Соңғы үш жылда залалдану деңгейі 0,08%-дан аспаған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бруцеллез бойынша қолайсыз пункттер саны 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылға арналған серологиялық зерттеулер жоспарына сәйкес, "ИНСПЭК" ЖШС-де 2000-нан астам ІҚМ басы зерттелді, олардың 53-і оң нәтиже көрсеткен. Қосымша диагностикалық зерттеулер нәтижесінде бруцеллезбен ауырған 95 ІҚМ анықталды. Ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес, бұл жануарлардың барлығы санитариялық союға тапсырылды.

Залалсыздандыру шаралары аясында шаруашылық аумағының 13 200 шаршы метрінде дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 10 қаңтарда шаруашылыққа шектеу шаралары енгізілді.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ" мамандары сауықтыру іс-шараларын қолға алды. Қазіргі жағдай ветеринарлық қызметтің тұрақты бақылауында.

Дереккөз: ҚР АШМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу