KZ
Өскемен
+14°
туман жел 2 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

16 адамды алдап келген азамат Семейде ұсталды

2.09.2021, 16:06 97

Семей қаласының криминалдық полиция қызметкерлері қызметтік іссапар барысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 22 жастағы Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта аталмыш азаматтың Семей қаласының аумағында арзан құрлыс материалдарын тауып берем деген сылтаумен 16 алаяқтық қылмыс жасағаны белгілі болды.

«Тергеу барысында күдіктінің Семей қаласында 2020 жылы кеңсені жалға алып, қала тұрғындарына нарық бағасынан төмен бағамен құрылыс жабдықтарын тауып, жеткізіп берем деп келісім шартқа отырған. Алайда, тұрғындардың ақшасын алған соң уәде еткен товарды жеткізіп бермей қашып кеткен деді», - деді Семей қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары подполковник Ахметжанов Жандарбек.

Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сараланып ,казіргі уақытта, басқа ашылмаған қылмыстарға қатыстылығының бар жоғын анықтау бағытындағы қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив