KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Семей тұрғыны 11 үйді тонап кеткен

6.09.2021, 12:15 134

Семей қаласында үй тонауға қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта ер адам қала аумағындағы 11 үйдің ұрлығына қатысы бары анықталды. Қаскөй пластикалық терезені арқылы үйге кіріп жүрген. Ол үйде тұрған тұрмыстық техника, бағалы әшекей заттар мен ақшаны ұрлаған.

Күдікті ұрлаған заттар Семей қаласының ломбардтарына тапсырылғаны анықталды.

-  Қазіргі уақытта барлық істер бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив