Niostem шаштың түсуін тоқтатады
Niostem – шаштың түсуін тоқтатуға арналған тың технология. Қазіргі таңда ол ешқандай дәрі-дәрмектің көмегінсіз шашын күтімде ұстағысы келгендер үшін таптырмас құрал болып отыр.
Әлем назарына тың технологияның тағы бір түрін германиялық ғалымдар ұсынды. Niostem деген атаумен шыққан құрылғы шаштың қалыңдауы мен оның түсуін тоқтатуға арналған. Оның ерекшелігі – емдеу кезеңі ешқандай дәрінің көмегінсіз жүруінде. Ол қолданушыға гормоналды тепе-теңдікті өзгертпестен шашты қалпына келтіруге қауіпсіз және табиғи тәсілді ұсынады. Niostem шаш фолликулаларының өсуін одан әрі жетілдіріп, дің жасушаларын ояту үшін биоэлектрлі ток деп аталатын төмең деңгейлі электр тогын пайдаланады.
Неміс ғалымдарының еңбегі алты айлық сынақтан сүрінбей өткен. Оған 20 мен 50 жас арасындағы жиырма екі ерікті қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген. Сынақ уақыты жүрген алты ай ішінде олардың шашының түсуі 100% тоқтап, шаш қалыңдығы 9,1%-ға, ал тығыздығы 19,3%-ға артқан.
Niostemнің тағы бір артықшылығы – қолдануға ыңғайлылығында. Оның үстіне, оның жұмысын қадағалап отыруға мүмкіндігіңіз бар. Тұтынушылар арнайы жасалған бағдарламаны телефонға орнатып, емдеу кезеңінің қалай жүріп жатқанын бақылап отырады. Күніне жарты сағаттан өтетін емдік процесс шаш түсуінен зардап шеккен талай жанға көмек болары даусыз.
Ынтымақ Толқын