KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

Өрт сөндірушілерге арналған "ақылды" шлем

20.11.2023, 11:58 1 394 Оразай Жеңісұлы

Өнертапқыштар өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдетуге өз үлестерін қосуда. Олар жасанды интеллектпен жабдықталған шлем жасап, құтқарушыларға зардап шеккендерді түтін арасынан табуға мүмкіндік туғызды.

Оқыс оқиға бола қалса ең бірінші көмекке ұмтылатындар, әрине өрт сөндірушілер. Өмірлерін қатерге тігіп жүретін құтқарушылардың жұмысы да оңай емес. Өрт орын алған жерде, әсіресе ғимарат ішінде шамалы түтін пайда болса, ішінен адамды табу қиынға соғары сөзсіз. Кейде қою түтіннің салдарынан іште қалған адам байқалмай, от ортасында қалып кететін жағдайлар да орын алып жатады. Осыны ескерген өнертапқыштар ерекше бас киім жасап шығарған. Оның басты ерекшелігі адамды табу қиындық тудыратын түтін мен шаң арасынан зардап шеккендерді жылдам тауып, оның қандай хәлде екенінен хабар беру.

Жасанды интеллект орнатылған ақылды шлем өте жеңіл, әрі ыңғайлы. Салмағы шамамен бір килограммға жетер жетпес. Ол түнгі көру құралының негізінде жасалған. Айырмашылығы суреттерінің түсінде. Түнде көруге арналған құрылғыда бейне жасыл болса, жаңа бас киімде ол сұр түсті. Өнертапқыштардың айтуынша ол өз кезегінде түтін арасында қалған адамды жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект табылған адамның мәртебесі мен жағдайын анықтап, бірден өрт сөндірушіге хабарлайды. Сондай-ақ, аталмыш шлем құтқарушылардың түтін арасынан жолды адаспай тауып, қозғалысын жылдамдатуғы жәрдемдеседі.

Ынтымақ Толқын

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив